Мен,Тұрмұхамбетов Ақылбек Жүрсінұлы, Қостанай облысының Қарабалық ауылы Бөрлі ауылында 1946 жылдың 8 ақпанында дүниеге келіппін. Онбіржылдық Бөрлі қазақ мектебін 1963 жылы алтын белгімен бітіріп, С.М.Киров атындағы ҚазМУ нің физика факультетіне оқуға түстім. 1968 жылы аспирантураға жолдама алып, арасында әскер қатарына шақырылып, оны 1973 жылы аяқтадым. 1973 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың тамыз айына дейін Е.А.Букетов атындағы ҚарМУде әртүрлі лауазымды қызмет атқардым: аға оқытушы, доцент, теориялық физика, жылу физикасы, жалпы және теориялық физика кафедраларының меңгерушісі, физика факультетінің деканы. Физика факультетінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, университет парткомының мүшесі, облыстық кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясының төрағасы сияқты қоғамдық тапсырыстарды атқаруға тура келді. Бірнеше жыл Бүкілодақтық «Студент және ғылыми-техникалық үдеріс» олимпиадасының республикалық ұйымдастыру комитеті мен жюриіне басшылық еттім. «Жылу физикасы және теориялық жылу техникасы» мамандығы бойынша 1974 жылы кандидаттық, 2002 жылы докторлық диссертациялар қорғалды. 2006 жылы физика саласында профессор атағы берілді. 1980-81 жылдары (9 ай) Италияда ғылыми стажировкада болдым. Бірнеше рет М.Ломоносов атындағы ММУ нің біліктілікті арттыру факультетінде 4 айлық оқуда болдым. 2004 жылдан 2018 жылдың қыркүйек айына дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ де біліктілікті арттыру Республикалық орталығы директоры, «Жалпы және теориялық физика», «Ғарыштық құралдарды қолдану», «Энергетика» кафедраларында профессор қызметін атқардым. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ де профессор лауазымында 2018 жылдың 1 қыркүйегінен жұмыс істеп келемін. Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ нің Құрметті профессоры атағына сайландым, ҚР білім беру саласындағы Құрметті қызметкері атағы берілді. Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесімін. А.Байтұрсынов атындағы медальмен, ҚР БҒМ нің дипломымен (2014 ж. Студенттерге ғылыми жетекшілік) және Мақтау қағаздарымен, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорының Мақтау қағазымен (2016 ж.) марапатталдым. Менің қатысуыммен 120 дан астам басылым жарық көрді. Олардың ішінде ҚР БҒМ бекіткен қазақ тіліндегі бір оқулық, қазақ және орыс тіліндеріндегі 2 оқу құралы, 2 монография бар. «Механика» пәнінен электрондық оқулық үшін иегерлікті растайтын Куәлік берілді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
31.10.2002

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
25.12.2006
Қызығушылығы